«Astana Tigers» баскетбол клубы елдің қазіргі чемпиондары мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, ҚР «Ұлттық Лигасының» жеңімпазы атанды.
Біздің команда ауыр матчтардан, эмоциялардан, жарақаттардан, жеңістерден және күн сайынғы орасан еңбектен тұратын үлкен жолдан өтті. Бүгін біз чемпиондық кубокты тағы да биікке көтердік.
2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша:
🏆 Қазақстан Республикасы Кубогының иегерлері
🏆 ҚР «Жоғары Лигасының» жеңімпаздары
🏆 ҚР «Ұлттық Лигасының» жеңімпаздары
Турнирдің жеке марапаттары да біздің клубқа бұйырды:
⭐ Стребков Виталий Владимирович 2025/2026 жж. «Ұлттық Лига» маусымының үздік жаттықтырушысы атанды
⭐ Ганна Рулёва 2025/2026 жж. «Ұлттық Лига» маусымының ең пайдалы ойыншысы (MVP) атанды
Осы жолдың бір бөлігі болған әр адамға алғыс айтамыз: ойыншыларға, жаттықтырушыларға, штаб мүшелеріне, жанкүйерлерге және маусым бойы командаға қолдау көрсеткен барша жанға рақмет.
Бұл маусым — біздікі.
KZ

