Skip to content

1 МАУСЫМ – БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏐

Әрбір чемпионның жеңіс жолы балалық шақтағы арманнан басталады. Бүгін ел намысын қорғап жүрген волейболшы қыздарымыз да бір кездері үлкен үміт пен асқақ мақсатты жүрегіне ұялатқан қарапайым балалар еді.

Балалық шақ – арманға қанат бітіретін, болашаққа бағыт беретін ең қымбат кезең. Бүгінгі кішкентай қадамдар ертеңгі үлкен жеңістерге жол ашады.

Барша бүлдіршіндерді және жас спортшыларды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр баланың арманы асқақ, болашағы жарқын болсын!

Арманнан басталған жол – үлкен жеңістерге жетелейді!