Қол добынан 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.
Алматы қаласында өткен байрақты бәсекеде Азияның мықты құрамалары әлем чемпионатына жолдама үшін өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:🥇 І орын — Қытай құрамасы🥈 ІІ орын — Өзбекстан құрамасы🥉 ІІІ орын — Қазақстан құрамасы
Қазақстанның жасөспірім қыздар құрамасы құрлықтық додада қола жүлдеге ие болып, жанкүйерлер сенімін ақтады.


KZ

