Қазақстанның 18 жасқа дейінгі қыздар құрамасы CAVA U18 Championship турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Орталық Азия чемпиондары атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық волейболшы Әділет Аяла турнирдің үздік либеросы атанып, «Best Libero» CAVA U18 Championship арнайы жүлдесіне ие болды.
Бұл жетістік – спортшының жоғары шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Қазақстан құрамасын, жаттықтырушылар штабын және Әділет Аяланы жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!


KZ

