Skip to content

«Зайырлылық түсінігі және оның маңыздылығы» тақырыбында мекеме ұжымы мен бапкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – зайырлылық қағидаттарының мәнін түсіндіру, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етудегі рөлін айқындау, сондай-ақ дін мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушыларға зайырлы мемлекеттің негізгі ұстанымдары, әр азаматтың ар-ождан және діни сенім бостандығы, сонымен қатар түрлі діни көзқарастарға құрметпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді. Қазіргі қоғамдағы діни ахуал, жат ағымдардың алдын алу және жастар арасында дұрыс дүниетаным қалыптастыру мәселелері де қамтылды.

Түсіндіру жұмыстарын дінтанушы, психолог Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.