2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты 4–11 қаңтар күндері Өскемен қаласында болып өтті.
Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды.
Спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!



KZ

